Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөлімі Жібек Жолы елді мекені №58 Ә. Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебі

     №58 Ә. Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебі 1975 жылы  1 қыркүйек күні П.Г Полтарацкий атындағы жалпы орта мектебі ашылды. 2000 жылы №58 Ә. Марғұлан атындағы жалпы орта мектебі болып атауы өзгертілді. 2021 жылы қосымша жаңа ғимарат қолдануға берілді. МАД сыныбында  – 41 ,1-4 сыныптарда – 494, 5-9 сыныптарда – 586 . 10-11 сыныптарда  – 193 оқушы бар. Мектепте жалпы – 1314 оқушы білім алуда.
     Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың адамгершілік, адами, ұлттық құндылықтарын арттыру, өз ісіне деген жауапкершілікке, өмірге мағыналы көзқараспен қарауға, басқалардың пікірін басқалардың пікірін өз пікірімен салыстыруға үйрету. Жасанды интеллекті жоғары деңгейде меңгерген саналы ұрпаққа саналы тәрбие беру.
Мектептің материалдық базасы:
Мектепте сапалы білім алуға барлық жағдай жасалынған. Негізгі және жалпы мемлекеттік стандартқа сәйкес қызмет көрсетеді. Мектептің жалпы аумағы – 7037,7 га. Ішкі ауданы- 31535 кв.м. Жобалық қуаттылығы: 860 Ғимарат 1975 жылы, жаңа ғимарат — 2021 жылы пайдалануға берілген.  Жалпы 37  оқу кабиенттері бар. Информатика пәніне арналған толық компьютермен жабдықталған 4  кабинет бар. Мектепте толық жабдықталған, Мультемедиа кабинеті-1, химия кабинеті-2, физика кабинеті-1, биология кабиенті- 1, шеберхана ұлдарға–2, қыздарға-2, Интерактивті тақта-4 медициналық кабинет-2, денешынықтыру залы- 2. 1 корпуста- 346,6 кв.м, 2 корпуста – 153,3 кв.м.Олардың барлығы эстетикалық және санитарлық-гигиеналық талапқа сай.  Жалпы 2 ғимарат бірінші ғимарат 3 қабатты, екінші ғимарат 2 қабатты. Автономды қазандық түрімен жабдықталған.Мектеп асханасы 120 балаға арналан,  асхананың жалпы аумағы – 31,2 кв м.  Мектеп лицензиясы KZ47RVK00065601. 11.09.2025 жыл.

Мектеп жетістіктері

  1. Облыстық “Поэзия әлемі” байқауынан ІІ дәрежелі диплом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тәліпова Жібек Уалиханқызы
  2. Оқу-ағарту министрлігінің “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен Тағаев Құралбай Маханович марапатталды.
  3. Оқу-ағарту министрлігінің ҚР бұқаралық спортты дамытуға қосқан еңбегі және ұлттық мектеп лигасына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатымен Қаржанбаев Абдумуса Муханович марапатталған.
  4. Білім және ғылым минситрлігі Құрмет грамотасы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Айнабеков Сейітжан Исманалиевич
  5. 3-4 сынып оқушыларына арналған “Алтын сақа” республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері. ІІ дәрежелі диплом. 3 -сынып оқушысы Талғат Ерхан, жетекшісі Сапарқұл Мухаббат Ержановна
  6. 2024-2025 оқу жылында 2-4 сынып оқушылары арасында “Зердеә ғылыми жобалар байқауының Тарих жіне өлкетану бағытында жүлделі орын алған Сарыағаш ауданы №58 Ә.Марғұлан атындағы жббм 4-сынып оқушысы Талғат Ерхан Дулатұлы ІІ дәрежелі диплом, жетекшісі Сапаркул Мухаббат Ержановна
  7. 2024-2025 оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жалпы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің Сарыағаш ауданы №58 Ә.Марғұлан атындағы жббм Талғат Каусар ІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.

2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері орыс тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің Сарыағаш ауданы №58 Ә.Марғұлан атындағы жббм 9-сынып оқушысы Мишина Валерия  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.

Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы
№58 Ә. Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебінде 129 педагог қызмет атқарады.

  1. Педагог-шебер – 1
  2. Педагог-зерттеуші – 28
  3. Педагог-сарапшы – 33
  4. Педагог-модератор – 33
  5. Санатсыз педагогтер саны — 34