


№58 Ә. Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебі Жібек Жолы елді мекенінде орналасқан. 1975 жылы 1 қыркүйек күні П.Г Полтарацкий атындағы жалпы орта мектебі ашылды. 2000 жылы №58 Ә. Марғұлан атындағы жалпы орта мектебі болып атауы өзгертілді. 2021 жылы қосымша жаңа ғимарат қолдануға берілді.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың адамгершілік, адами, ұлттық құндылықтарын арттыру, өз ісіне деген жауапкершілікке, өмірге мағыналы көзқараспен қарауға, басқалардың пікірін басқалардың пікірін өз пікірімен салыстыруға үйрету. Жасанды интеллекті жоғары деңгейде меңгерген саналы ұрпаққа саналы тәрбие беру.
Мектепте сапалы білім алуға барлық жағдай жасалынған. Негізгі және жалпы мемлекеттік стандартқа сәйкес қызмет көрсетеді. Мектептің жалпы аумағы – 7037,7 га. Ішкі ауданы- 31535 кв.м. Жобалық қуаттылығы: 860 Ғимарат 1975 жылы, жаңа ғимарат — 2021 жылы пайдалануға берілген.





Каратаев Толибай Нишанбаевич 1967 жылы 01 наурызда Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы, Қыбрай ауданында туған. 1984-1991 жылдар аралығында Халқлар Дустлиги орденли Низомий номли Тошкент давлат педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқыған. 1991 жылы 9 қыркүйекте Қыбрай ауданында орналасқан №23 мектепке ана тілі пәнінен мұғалім болып қабылданған. 1993 жылдың 2 қыркүйегінде оқу ісінің орынбасары болып тағайындалған. 1994 жылдың 01 сәуірінде Низомий номли ТХМО қазақ филология кафедрасына оқытушы болып кірген. 1996 жылы 06 қыркүйекте өз еркімен жұмыстан шығарылды. 1996 жылы 07 қыркүйекте Қыбрай ауданындағы №23 жалпы орта мектебіне ана тілі мен әдебиеті мұғалімі болып қайта қабылданған. Осы мектепте 2001 жылдың 25 тамызына дейін қызмет еткен. 2001 жылдың 01 қыркүйегінде №51 Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қабылданған. 2001 жылы 12 қыркүйегінде №51 Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқу ісі меңгерушісі. 2006 жылы 04 желтоқссанында №51 Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры болып тағайындалған. 2015 жылы 11 желтоқсанда №20 Амангелді атындағы жалпы орта мектебі КММ директоры лауазымына ауыстырылып тағайындалған. 2024 жылдың 19 тамызына №58 Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ директоры болып тағайындалды.
Осы күнге дейін осы мекемеде жұмыс жасап келеді. 2022 жылы 25 желтоқсанда берілген Каратаев Толибай Нишанбаевичте «Басшы-менеджер» біліктілік санаты мен «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары бар.

Мектепке білім беру қажеттіліктері мен заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыс беру бастамасы.

«Abai.institute» - Қазақстанда және шетелде қазақ тілін оқыту және насихаттау бағдарламасы «Абай, 2020 жылдың 18 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында әзірленген....